+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Қызылордада ұстаздар вакцина салдыруда белсенділік танытып отыр

2021 жылғы 27 шілде 00:28
Бөлісіңіз:
Қызылордада ұстаздар вакцина салдыруда белсенділік танытып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ұжым мүшелері түгелдей коронавирусқа қарсы вакцина салдырған білім беру мекемелері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7,3 пайызға төмендеді Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 пандемиясына қарсы күреске арналған Жаһандық саммитте сөйлеген сөзі Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайыздан астамы вакцина алды

Атап айтқанда, №179, 215 және «Нұрбесік», «Бөбек», «Қарлығаш» балабақшалары жауаптылық танытты. Облыс орталығындағы білім беру мекемелеріндегі ұстаздар вакцина алуды биыл сәуір айында бастаған еді. Бұл бағытта тиісті түсіндіру ғана жүргізілді. Осылайша мұғалімдер саналы түрде өз еркімен екпе салдырған.

Солардың бірі - №179 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Алтынбек Жұмагелдиев өзге де әріптестерін вакцина алуға шақырды.

«Мектеп ұжымдарының басшыларына, әріптестеріме қазіргі эпидемиологиялық жағдайды түсіне отырып, саналы түрде вакцина алуға шақырамын. Біздің мектеп ұжымы аталған іске жауапкершілік танытты. Оған өзге де әріптестерім үн қосады деген ойдамын», - деді ол.

Ұстаздар балалар денсаулығына назар аудару қажеттігін айтады. Бұл орайда екпе қабылдаудың маңызы ерекше.

«Бізге ата-аналар балаларын сеніп тапсырып отыр. Сондықтан оқу саласында олқылықтарға жол бермеуге тиіспіз. Әр педагог бірінші өз денсаулығын ойлауы тиіс. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі - басты орында», - деді №215 орта мектептің бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Нұржақыпова.

Еске салсақ, өткен тәулікте Қызылорда облысында 168 адам коронавирус жұқтырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT