+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қызылордада үшем дүниеге келді

2020 жылғы 10 маусым 06:00
Бөлісіңіз:
Қызылордада үшем дүниеге келді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында үшем дүниеге келді. Қазалы ауданына қарасты Ү.Түктібаев ауылының тұрғыны Әйгерім Махамбетжанова Айғант, Айғаным және Асылым есімді үш қызды өмірге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәрестелердің салмағы 1300-1700 граммды құраған. Ал бойлары 38-41 сантиметр аралығында болды.

Қуаныш Алтынбаев пен Әйгерім Махамбетжанованың бұдан бұрын бес перзенті бар болатын. Осылайша олар енді сегіз баланың ата-анасы атанды.

«Қыздарымның аман-есен дүниеге келуіне дәрігерлер қолайлы жағдай жасады. Осы ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына, облыстық «Ана мен бала» орталығының қызметкерлеріне алғысымды білдіремін», - деді үшемнің әкесі.

Нәрестелер жедел жәрдем санитарлық автокөлігімен Қазалы ауданы Түктібаев ауылына жеткізілді.

Облыстық перинаталдық орталығында биыл жыл басынан 4505 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 75 егіз, 2 үшем дүние есігін ашты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT