+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қызылордада үш жылда 132 көше жөнделетін болды

2019 жылғы 5 ақпан 09:31
Бөлісіңіз:
Қызылордада үш жылда 132 көше жөнделетін болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында алдағы үш жылда 132 көше жөнделетін болады. Бұл шағын жолдарды дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында шағын жолдарды дамыту бағдарламасы әзірленді. Осының аясында Қызылорда қаласындағы шағын аудандар мен қалаға қарасты елді мекендердегі жолдар мәселесі өз шешімін табады. Биыл 56 көше бойынша осындай жұмыстар атқарылса, 2020 жылы - 35, 2021 жылы 41 көше ел игілігіне беріледі.

«2022 жылға дейін шағын жолдарды дамыту бағдарламасы бойынша қаланың шағын аудандарында және қала маңындағы ауылдарда 132 көшеде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ең бастысы, барлық жұмыстар мерзімінде сапалы орындалуы тиіс, лауазымды тұлғалар жұмыстардың тиісті деңгейде атқарылуына жауапты болады», - деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындармен кездесу барысында

Облыс әкімі Қызылорда қаласындағы «Саяхат», «Сәулет», «КБИ» секілді бірқатар шағын аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен жүздесті.

Қызылорда қаласында жалпы ұзындығы 619 шақырымды құрайтын 766 көше бар. Оның ішінде 409-і асфальт-бетонды, 35-і қиыршық тасты және 322-і қара жол болып табылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT