USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қызылордада үш жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр

2021 жылғы 27 наурыз 18:03
Бөлісіңіз:
Қызылордада үш жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен балалар ауылы» үйінде тәрбиеленіп жатқан үш жасөспірім қыз екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 15-16 жастағы үш жасөспірім — Ділда Мұсабекқызы Нұгманова, Любовь Несторова және Рано Сабанкулова Қызылорда қаласындағы «отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылында» тәрбиеленеді.

Жасөспірім қыздар 25 наурызда түнгі уақыт 02.00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Қазіргі таңда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы кәмелетке толмаған үш жасөспірімді іздеп табу мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

«Осы мақсатта облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырлары, саяжайлар, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттар, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлер тексерілуде. Олардың фотосуреттері көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Үш жасөспірім қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөлімінің 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Бұдан бұрын Қызылордада таңғы сағат 6-да үйден шығып, жоғалып кеткен бес жасар бала табылған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT