Қызылордада ұмыт қалған қаражат мемлекет пайдасына өндірілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда прокуратурасы жүргізген қылмыстық істер мен олардың заттай дәлелдемелерін тексеру барысында мемлекеттік сот орындаушылардың іс-әрекетінен заң бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық прокуратурасының хабарлауынша, 2011 жылы бір топ адамға қатысты қылмыстық жолмен табылған мұнай мен мұнай өнімдерін иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында күдікті тұлғалардан 100 мың евро, 10 мың АҚШ доллары және 5 млн теңге мөлшерінде қаражат алынған. Оны сақтау үшін Ұлттық банктің Қызылорда филиалына тапсырылған.

«2015 жылы сот үкімімен топтың барлық мүшелері түрлі жазаға тартылып, жоғарыда көрсетілген ақша мемлекет пайдасына тәркіленген. Алайда, сот орындаушылар қазірге дейін үкімді орындамай, қаражаты сақталып жатқан», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасы.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған қаражат толығымен мемлекет пайдасына аударылды.

Соңғы жаңалықтар