+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қызылордада «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді

2019 жылғы 20 тамыз 06:15
Бөлісіңіз:
Қызылордада «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді. Оны Қазақстан халқы Ассамблеясысының облыстық филиалы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында қолға алынған. Мақсаты - тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау, орта ғасырлық қалалар, музейлер, сондай-ақ археологиялық ескерткіштер мен кесенелер тарихымен танысу арқылы осы заманға келіп жеткен этнографиялық мұраларды насихаттау.


Экспедицияға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, аз қамтылған, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты. Оған қатысушылар алғашқы қадамын Түркістан облысынан бастады. Онда ортағасырлық сәулет өнерінің жарқын үлгісіне айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралады. Бұл орында жастар Қожа Ахмет Ясауидің тарихына байланысты естеліктер, құжаттарды, өмірі туралы сыр шертетін экспонаттарды тамашалады.


Одан кейінгі шара Түркістан облысының батысынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Сауран қалашығында жалғасты. Қазіргі кезде Сауранның қабырғалары мен мұналарының қалдықтары бар. Экспедиция мүшелері қаланың ішіне қақпа арқылы кіріп, қаланы қоршаған дуалдың сырт жағындағы көптеген каналдардың ізін көріп, жеті қатар қорғаныс қабырғаларын зерделеді.


Экспедиция жұмысы көне Сығанақ шаһарында түйінделді. Сығанақ қаласының орны қазіргі «Сунақата» елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан. Аумағы 20 гектардай жерді алып жатыр. Сығанақ шаһары кезінде Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың екі мың жылдық тарихы бар.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT