Қызылордада ұлан сарбаздары жанып жатқан адамды құтқарып қалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ұландықтар жанып жатқан адамды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17 қазан күні сағат 18:40 шамасында Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінің жасағы қызмет барысында айқайлаған дауысты естиді.

«Әскери жасақ бастығы қатардағы Самғат Мейірбек, патрульдер қатардағы Бейбіт Есқар мен Абдиазим Мейірбек дауыс шыққан жаққа жылдам жүгіріп барғанда, жанып жатқан адамды көреді. Көз ілеспес жылдамдықпен қолға ілінгеннің көмегімен дереу өртті сөндіріп, әлгі азаматтың жанын аман алып қалады» делінген хабарламада.  

Жауынгерлер өрттен зардап шеккен адамға жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар