Қызылордада тыйым салынғанына қарамастан 370 той өткізілген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында карантин шектеуіне қарамастан 370 той өткізілгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бағытта мониторинг топтары нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Топ құрамында жергілікті атқарушы орган, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, еріктілер бар. Нәтижесінде 5 шілдеден бастап 679 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мейрамхана мен дәмханада той жасауға қатысты 370 дерек тіркелген. Карантин талаптары компьютер клубы, букмекер кеңсесі, шаштараз, дүкен және базарларда сақталмаған.

Шиелі ауданының тұрғыны 18 қазанда құдалық рәсімін өткізген. Ал Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі «Бақдаулет» кдәмханасында жергілікті тұрғын той жасаған.

«Аталған деректер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 425-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді. Онда санитария-эпидемиология саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттер бұзылғаны көрсетілген. Хаттамалар Шиелі және Қазалы аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Қызылорда облысында той өткізгендерге айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар