Қызылордада тұтынушылардың жылуға төлеген 53 млн теңгесі қайтарылады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының тұтынушылары жылуға төлеген 53 млн теңгеден астам сомаға қайта есептеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстағы жылумен жабдықтаушы ұйымдардың ұсынған құжаттарын қарап шықты. Соның барысында 2019-2020 жылдар аралығында жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып, жылу есептегіш аспабы жоқ тұтынушыларға қайтарылатын сома белгілі болды.

Осылайша, халыққа қайтатын сома - ҚҚС-мен қосқанда 53,4 млн теңге.

Оның ішінде:

- базалық субъекті «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бойынша - 52,1 млн теңге

- «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы бойынша - 1,3 млн теңге

- «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС бойынша - 0,01 млн теңге қайтарылатын болды.

Соңғы жаңалықтар