Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.33 EUR 424.68
RUB 5.92 CNY 56.17
Jańalyqtar

Қызылордада тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешені салынады

2018 жылғы 6 желтоқсан 18:37 702
Бөлісіңіз:
Қызылордада тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешені салынады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында қалдықтарды сұрыптау кешені салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайрамның жиһаздары Әзербайжан мен Өзбекстанға экспортталып жатыр Төлеби ауданында шоколад өндірісі қолға алынған

Бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қолға алынып отыр. Сұрыптау кешенінің жылдық қуаты 60 мың тонна.

«Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру үлкен мақсатқа ие болып келеді. Еліміздің көптеген қалаларында оны игеру мәселесі түйткілді проблемаға айналған», - деді Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тапсырыс берушілер қауымдастығының президенті Руслан Досмаханов.

Қызылорда облысында жылына 148 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады. Мұндай қалдықтарды жинақтайтын 145 полигон бар. Дегенмен олардың үштен біріне жуығы ғана қайта өңделеді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Сыр өңірінде жарық диодты шамдарды пайдалану жоспарланып отыр. Ол энергияны 50 процентке дейін үнемдейді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT