Қызылордада түркі халықтарының «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалі басталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысында «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш игі шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Фестиваль алғаш 2016 жылы өткізілді. Одан кейін 2011 жылы қайта жалғасты. Соңғы бес жылда мәдени шара үшінші мәрте өткізілмек.

Түбі бір түркінің ортақ абызы - Қорқыт ата мұралары БҰҰ жанындағы UNESCO-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енгізілген. Қорқыт атаның рухани мұраларын насихаттауға бағытталған бұл айтулы шара ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірлесе отырып өткізілуде.

Фестивальге Түркия, Иран, Әзербайжан, Грузия, Сербия, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Саха елдерінен белгілі ғалымдар мен айтулы өнер шеберлері арнайы шақырылып отыр.

Фестиваль аясында «Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі ролі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде фестиваль қонақтарының қатысуымен «Тұран түркі есігі, Қорқыт жырдың бесігі» атты фестиваль өнерпаздарының концерті өткізіледі. Сондай-ақ, музыка және өнер бөлімдері бар жоғары және арнаулы оқу орындары мен өнер мекемелерінде фестиваль өнерпаздарының қатысуымен шеберлік дәрістер, Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата ескерткіш кешенінде ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі мен фестиваль өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт ұйымдастырылады.



Соңғы жаңалықтар