Қызылордада тұрғындардың 3 млн теңгесін алып кеткен алаяқ әйел сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында тұратын 39 жастағы азаматшаның алаяқтық ісі бойынша 5 жылға бас бостандығы шектелді. Ол адамдардың сеніміне кіре отырып, олардың 3 млн теңге ақшасын иемденіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол таныстарына мемлекеттік бағдарламалар бойынша арзан бағада пәтер алып беруге жәрдемдесетіні жөнінде уәде берген. Алайда уәдесін орындамай, онымен қоса алған ақшасын да қайтармаған. Оның кінәсі дәлелденіп, қалалық соттың үкімімен 5 жылға бас бостандығы шектелді.

Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларымен өтікізіліп жатқан профлактикалық шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасында өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда биылғы сәйкес кезеңде алаяқтыққа қатысты деректер саны 31 пайызға төмендеген.

«Қоғамдағы алаяқтық фактілерін азайту мақсатында Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы қала әкімдігімен және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп кең ауқымды іс-шаралар өткізіп, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақ болуды ескертеді»,- деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мамандары.

Әділжан Үмбет

Соңғы жаңалықтар