Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен Өзбекстан азаматы күйіп қалды

None
Фото: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында тұрғын үйде болған өрттен өзбекстандық 39 жастағы азамат бірінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 19 сәуірде сағат 10.58-де Қызылорда қаласы, Яншин көшесі бойындағы тұрғын үйде болды.

Газды ауа қоспасының жылыстауынан соңы өртке ұласты.

«Тұрғын үйдің 182 шаршы метр аумағы қирап, өрт 60 шаршы метр болатын уақытша құрылыс алаңына көшті. Оқиға орнында 1984 жылғы өзбекстандық азаматтың беті, қолы, мойны күйіп қалған. Ол бірінші дәрежелі күйік диагнозымен қалалық ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.


Өрт сағат 12.09-де толық сөндірілді. Оттың шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінен 25 қызметкер және 5 техника жұмыс атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен 48 жастағы ер адам қаза тапқан еді.


Соңғы жаңалықтар