+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қызылордада түн ішінде қоғамдық орында тәртіпсіздікке жол берген жасөспірімдер ұсталды

2021 жылғы 16 маусым 21:50
Бөлісіңіз:
Қызылордада түн ішінде қоғамдық орында тәртіпсіздікке жол берген жасөспірімдер ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында түн ішінде қоғамдық орында тәртіпсіздікке жол берген оннан астам жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада украиналық күріш сорттары сынақтан өткізілуде Ақтөбелік СҚО-да синтетикалық есірткі таратумен айналысқан Тимур Мұратов: Вакцина паспортын қолдан жасату реанимацияға билет сатып алумен тең

Оқиға аудан орталығындағы сапаржай маңында болған. Сол аумақта белгісіз азаматтар түнгі сағат 2.00 шамасында автотұрақта тұрған автокөлікке тас лақтырып, зақымдаған. Одан бөлек, тұрақ жанындағы ғимаратта орналасқан дүкенге де материалдық шығын келтірілген.

«Жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде күдікті ретінде аудан тұрғыны полицияға жеткізілді. Одан басқа тағы 10 адам полицейлер алдында жауап берді. Жарақат алғандар жоқ. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның орын алу себептері мен мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT