Қызылордада тұмауға шалдыққандар арасында балалардың үлесі басым

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша жедел респираторлық вирусты инфекциясына шалдығушылар арасында балалардың үлесі басым болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде қысқы мезгілде жедел респираторлық вирусты инфекциясына шалдығудың 13 430 жағдайы есепке алынған. Олардың 57,6%-ы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиеді. Оның ішінде 10,6%-ы — бір жасқа дейінгі нәрестелер. Жүргізілген эпидемиологиялық мониторингке сәйкес эпидахуалдың күрделенуі байқалған жоқ.

«Эпидмаусымда ауыр ағымдағы жедел респираторлы вирусты инфекциясымен 2 182 науқастан алынған анализ Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында ПТР әдісімен тексерілді. Науқастардың басым бөлігі облыс орталығында тіркелген. Ал тұмау емес ауруларға тексерілген 34 сынамадан 2 аденовирус, 1 парагрипп анықталды. Эпидмаусымға 80 186 доза вакцина сатып алынған. Бүгінгі күні облыс тұрғындары арасында тұмауға қарсы вакцинацияланған тиісті контингент 95,6%-ды құрап отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Еске салсақ, Қызылордада коронавирусқа шалдыққандар арасында вакцина алғандар үлесі небәрі 0,4%-ды құрайды.

Соңғы жаңалықтар