+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Қызылордада төтенше жағдай кезінде қылмыс азайған

2020 жылғы 8 сәуір 07:18
Бөлісіңіз:
Қызылордада төтенше жағдай кезінде қылмыс азайған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына байланысты қабылданған төтенше жағдай кезінде қылмыс азайған. Ол өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 43 процентке төмен түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған 16 наурыздан бері Қызылордада барлығы 341 қылмыс тіркелген. Оның ішінде меншікке қарсы жасалатын қылмыстар 65 процентке төмендеген. Яғни ұрлық 60, тонау 20, қарақшылық 50 процентке төмен түсті. Ал қоғамдық орындарда жасалатын бұзақылық қылмыстары 67 процентке азайды. Зорлау және ауыр дене жарақатын салу қылмыстары тіркелмеген.

«Төтенше жағдай кезінде тиісті түсіндіру жұмыстары ұдайы түрде жүргізілуде. Соған қарамастан облыстың кейбір тұрғындары тарапынан короновирус инфекциясына таралуы туралы жалған ақпарат таратудың 11 дерегі тіркелді. Оның біреуі негізінен қарау үшін сотқа жолданса, қалған қылмыстық істер бойынша қысқа мерзімде тиісті процестік шешімдер қабылданды.Оған қоса, COVID-19 диагнозы қойылған адамдардың жеке деректерінің таратылуының 2 дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 66 адам бар .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT