USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қызылордада төтенше жағдай кезінде 308 құқық бұзушылық анықталды

2022 жылғы 15 қаңтар 12:40
Бөлісіңіз:
Қызылордада төтенше жағдай кезінде 308 құқық бұзушылық анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде 308 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада он төрт күннің ішінде 1 231 адам коронавирус жұқтырды Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шықты Қызылордада әскери жүк көлігімен нысандарды қиратқан адам ұсталды

Өңірде төтенше жағдай режимін бұзды деген айыппен 220 азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оның 7-не ескерту берілсе, 37-не айыппұл салынды, 136-ы әкімшілік қамаққа алынды.

Ал ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін аталған кодекстің 488-бабы бойынша 88 азамат анықталды. Бұл бойынша сот шешімімен 1-не ескерту, 3 айыппул, 72 әкімшілік қамаққа алу түріндегі тәртіптік жаза қарастырылған.

«Облыс тұрғандарына айтарымыз, жалған ақпараттарды тарату деректерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. Арандатушыларды анықтау жұмыстары тұрақты назарда. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада әскери жүк көлігімен нысандарды қиратқан адам ұсталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT