Қызылордада төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған әйел ұсталды
2022 жылғы 24 мамыр 21:31

Қызылордада төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған әйел ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған азаматша қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Қазалы ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу аудандағы дәріхананың ішінде тұрған терминалды бұзып, ақша ұрлап кеткен.

«Салдарынан жәбірленушіге жалпы 2,6 млн теңгеге жуық шығын келген. Жедел іздестіру нәтижесінде, ақша ұрлығы қылмысын жасаған күдікті әйел ұсталды. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Бұдан бұрын Қызылордада сатып алу заңнамасын бұзған 214 мемқызметші жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT