Қызылордада террорлық акті салдарынан 5,8 млрд теңге көлемінде шығын келді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мемлекеттік маңызы бар нысандарға 5,8 млрд теңге көлемінде шығын келген. Ал, кәсіпкерлерге келтірілген залал 395 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде террорлық акті салдарынан облыстың мемлекеттік маңызы бар нысандарына 5,8 млрд теңге көлемінде шығын келген. Ал, кәсіпкерлерге келтірілген залал 395 млн теңгені құрады. Шығын есебі қаржы министрлігіне жолданып, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бұл мәліметтерді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының тапсырмалары мен міндеттемелерін орындау бағытына арналған кеңейтілген жиында айтты.

Қазір өңірде сұйытылған газ бағасы литріне 60-65, АИ-92 маркалы бензин орташа 180,2, дизельдық отын 229,9 теңгеден саудалануда.

Жиын барысында облыс басшысы жергілікті бәсекелестікті қорғау департаменті мен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанар-жағар май бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, негізсіз өсім орын алған жағдайда тиісті шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды. Облыстық монополияларды реттеу жөніндегі департаменті аймақтағы коммуналдық қызмет түрлеріне тарифтерді белгіленген мерзім ішінде көтерілмеуін қамтамасыз етуді міндеттеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын мемлекеттік реттеуде облыста жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп тұрақтандыру қоры толықтырылуда. Биыл оған 1,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Осы ретте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен, аудандар мен және Қызылорда қаласы әкімдерімен бірлесіп, бағаны тұрақтандыру бағытында нақты шаралар қабылдау жүктелді.

Айта кетсек, Қызылорда облысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 28 блок бекет қойылды.



Соңғы жаңалықтар