+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қызылордада тергеу изоляторында сәлемдемеден телефон табылды

2020 жылғы 20 қыркүйек 03:22
Бөлісіңіз:
Қызылордада тергеу изоляторында сәлемдемеден телефон табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тергеу изоляторында отырған інісіне аяқ қиім табанына жасырып телефон өткізбек болған азаматша ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Қарасора-2020»: Таразда 3 қап есірткі тәркіленді ШҚО-да зейнеткердің 18 млн теңгесін ұрлап кетті Ақмола облысында іздеу жарияланған үш қылмыскер өзге өңірде ұсталды

Бұл оқиға Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінде болды. Режим және күзет бөлімінің қызметкерлері аталған әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Телефон сотталғандарға тыйым салынған заттар қатарында саналады. «Тергеу изоляторында отырған азамат қарақшылық және кісі өлтіру бабы бойынша қамауға алынған. Оған апасы осындай жолмен телефон өткізбек болған. Мекеме қызметкерлері тексеру кезінде аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған ұялы телефон, сим-карта мен қуаттағыш құрылғысын тәркіледі», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Құқы бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс-құжаттары Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT