Қызылордада тергеу изоляторына әкелген палау ішінен телефон шықты
2022 жылғы 10 мамыр 04:22

Қызылордада тергеу изоляторына әкелген палау ішінен телефон шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тергеу изоляторына алып келген палау ішінен телефон шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіне келген азамат әкелген азық-түлікті тексеру барысында тыйым салынған зат анықталды.

Тексеру барысында бір реттік ыдысқа салынған ыстық палау ішінен фольга қағазына оралған бір ұялы телефон мен бір SIM-карта табылды.

«Оның ағасы ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен сегіз жылға сотталған. Тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбекші болған азаматтың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылорда қаласында бір топ адам арасында атыс болғанын жазған едік.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT