Қызылордада темірмен танысының басын жарған жігіт сотты болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада танысының басын темірмен ұрып, оны ауыр жарақаттаған жігіттің 3 жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Бұл қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралды. Сотталушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен  қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға барысы былай өрбіген. Сот алдына келген Б үй ауласында таныстарымен сыра ішіп отырады. Бір сәтте ол танысының бірін сыра алып келуге дүкенге жұмсаған. Танысы одан бас тартады. Екеуара ерегіс болады. Танысы сотталушы Б-ның бетінен шапалақпен салып қалады. Сол сәтте ол қолына темір алып жәбірленушінің басынан ұрады. Осылайша танысының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіреді.

Сотталушы өз кінәсін мойындады. Қызылорда қалалық №2 соты оны ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу  жазасын тағайындады. Оған пробациялық бақылау белгіленді. 

Соңғы жаңалықтар