Қызылордада тәртіп сақшылары марапатталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 

Салтанатты шара барысында полиция қызметінде қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген әйел азаматтарды құттықтау үшін ҚР Ішкі істер министрінің құттықтау хаты оқылып, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатқа ие болды.

Жалпы айтулы күнге орай, департаменттің 41 зейнеткеріне және 100-ден аса қызметкеріне құрмет көрсетіліп, оның ішінде 21-і департамент бастығының Құрмет грамотасымен, 23-і Грамотамен, 21-і Алғыс хатпен марапатталып, 13-іне Алғыс жарияланды. Ал, «Қазақстан полициясына - 25 жыл» естелік төсбелгісімен 24 ішкі істер органдарының ардагері және 29 департамент қызметкері марапатталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер мен мадақтар айтылды.

Соңғы жаңалықтар