Қызылордада тарихи-танымдық экспедицияның екінші кезеңі басталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының Қызылорда облыстық өкілдігі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында тамыз айында «Ұлы Дала елі» тарихи-танымдық экспедициясын ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық ассамблеяға сілтеме жасап хабарлады.

Экспедиция өңірдің түрлі этнос өкілдеріне киелі жерлерді көрсетіп, олар арқылы бүкіл диаспораларға туған өлкенің тарихы мен мол рухани құндылықтары туралы білімдерін арттыруды көздейді. 
null 

Жоспарға сәйкес жобаның алғашқы кезеңінде экспедиция қатысушылары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысындағы Отырар, Сауран, Сығанақ сияқты орта ғасырлық қалалар сондай-ақ Арыстанбаб және Қожа Ахмет Ясауи тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты. Экспедиция қорытындысы бойынша бейнесюжет түсіріліп республикалық және жергілікті телеарналарда көрсетілді. Арнайы бейнероликтер дайындалып, суреттерден фотоальбом әзірленді. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне және қаладағы мәдени ескерткіштерге экскурсиялар жасалды.
null

Бүгін «Ұлы Дала елі» тарихи-танымдық экспедицияның екінші кезеңі басталды. Оның аясында облыстық батыс аудандардағы Жанкент қалашығы. Жаңқожа батыр кесенесі, Ғ.Мұратбаев мұражайы сондай-ақ Қорқыт Ата мемориалдық кешені мен Сортөбе қалашығы сияқты рухани ескерткіштер тарихымен танысу жоспарлануда. Экспедиция құрамында этномәдени бірлестік белсенділері, облыстық ассамблея құрылымдарының өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, БАҚ және шығармашылық зиялы қауым, ҮЕҰ өкілдері бар.

null

Бұл жерде тоқталып өтер жайт, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінде тарихи-таным мәселелеріне кеңінен тоқталып өткен еді. Ондағы 86-қадамда: Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел-үлкен отбасы» кең көлемде жобасын әзірлеу және жүзеге асыруды міндеттеді. Ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады,-деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар