+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қызылордада танысынан 2 млн теңгені алдап алған әйел ұсталды

2020 жылғы 30 қараша 17:06
Бөлісіңіз:
Қызылордада танысынан 2 млн теңгені алдап алған әйел ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада танысынан 2 млн теңгені алдап алған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде мүгедек ерлі-зайыптыны көсеумен ұрған күдікті ұсталды Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн теңге жымқырған Дизайнер Сәбит Bisen-ді өлтірді деген күдіктінің соты Алматыда өтеді

Қызылорда қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық дерегіне қатысты арыз түсірді. Мәлім болғанындай, биылғы жылдың тамыз айында жәбірленушіге танысы облыс орталығының шағын ауданынан қолжетімді баспана алуға жәрдемдесуге уәде берген. Ол әйелді тұрғын үй құжаттарын жедел рәсімдеп беретіндігіне сендірген. Оған 3 млн теңге ақша алған. Алаяқ әйел одан кейін уәдесін орындаудан қашқақтаған. Жәбірленуші одан ақшасын қайтаруды талап етеді. Әйел оған 1 миллион теңгесін қайтарып, қалған ақшасын бермей бой тасалаған.

«Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде Қызылорда қаласының 57 жастағы тұрғыны қолға түсті. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол өзі жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қызылордада 27 жастағы жігіт көршісінің депозитіндегі ақшаны өзіне аударып алған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT