Қызылордада танысын өлтіруге оқталған күдікті қолға түсті

Фото:
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада танысын өлтіруге оқталған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Оқиға бүгін, 5 қазанда Қызылорда қаласында болған. 56 жастағы азамат атыс қаруымен 43 жастағы таныс әйелді жарақаттап , оқиға орнынан қашқан.

«Күдіктінің кім екені анықталып, полиция тарапынан жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Айғақты заттар алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Рақымжан Сұлтанқұлов.

Ведомство мәліметінше, жәбірленуші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Оған ота жасалып, дәрігерлік бақылауға алынды.


Соңғы жаңалықтар