+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Қызылордада талапқа сай емес тағам өнімдері анықталды

2020 жылғы 6 қаңтар 21:07
Бөлісіңіз:
Қызылордада талапқа сай емес тағам өнімдері анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тағам өнімдерінен сәйкессіздік анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырма берді Әлихан Смайылов: Азық-түлік тауарларының бағасы ерекше бақылауда болады Әкімдер азық-түлік тауарларының ішкі нарыққа жеткізілімін қатаң бақылауы тиіс - Үкімет

Былтыр Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сатып алынған азық-түлік өнімдеріне зертханалық сараптама жүргізген болатын. Ол халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу шеңберінде қолға алынды.

«Осы мақсатта сауда орындарынан барлығы 3035 азық-түлік өнімін сатып алынды. Оның ішінде 986-ы отандық өнім болса, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО, 310-ы өзге елдерінен жеткізілген. Сатып алынған өнімдерге зертханалық сараптама барысында 396 өнімнен сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, олармикробиологиялық, физикалық-химиялық, қауіпсіздік көрсеткіштер бойынша талапқа сай болмай шықты. Ал құрамы, жарамдылық мерзімі мен өндірушісі, сақтау шарттары туралы мәліметтері мүлде көрсетілмеген 156 өнім анықталды. Сонымен қатар құрамындағы нитраттың саны 3 өнімде мөлшерден тыс болып шықты», - деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің маманы Айман Жанахаева.

Оның айтуынша, тағам өнімдері арасында ең көп сәйкессіздік ет, сүт, кондитерлік өнімдердің үлесіне тиеді. Оның кейбірінде таңбалану дұрыс болмаса, тағы бірінде кофеин мен құрғақ қоспалар нормадан көп екені анықталды. Мұндай өнімдер сауда сөрелерінен алынып, заңнамаларға сәйкес ұйғарымдар берілді. Жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, айыппұл салынды.

Бұдан бұрын Қызылордада бала денсаулығына зиян келтіретін ойыншықтар анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT