+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Қызылордада такси жүргізушісін өлтірген екі адам сотталды

2020 жылғы 24 қаңтар 04:43
Бөлісіңіз:
Қызылордада такси жүргізушісін өлтірген екі адам сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада такси жүргізушісін пышақтап өлтірген екі тұрғын 16 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда 18 ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы тұрғын ұсталды Нұр-Сұлтанда ұры көліктің терезесін сындырып, 1,2 млн теңгенің заттарын алып кеткен Алматыда есірткі саудалаушы ұсталды

Бұл оқиға былтыр жазда болған. Қызылорда қаласында тұратын екі ер адам алдымен сыра ішкен. Содан кейін «Мерей» шағын ауданына барып көңіл көтеруді жалғастырмақ болады. Ол жақтан үйіне қайтар уақытында такси ұстайды. Олар такси жүргізушісіне өздерін қаланың шеткі аймағындағы Құлтекенов көшесіне апаруын сұрайды.

Келіскен жерге жеткеннен кейін екеуі жолақыны төлеместен көліктен түсіп кетуге әрекет жасайды. Сол сәтте такси жүргізушісі жолақы төлеуді талап еткен. Бұдан кейін жанжал басталады. Бірі такси жүргізушісін ұрып-соғып жатқан сәтте екіншісі жүргізушісінің кеуде тұсынан бірнеше мәрте пышақтайды.

«Пышақтың жүзі жәбірленушінің кеуде қуысына еніп, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Соның салдарынан такси жүргізушісі қайтыс болған», - деді Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров.

Екі сотталушы да ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен, 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен, 200-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушылар 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіруге адам жалдаған әйел сотталған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT