Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қызылордада такси жүргізушілерін тақырға отырғызған алаяқ сотталды

2019 жылғы 15 шілде 20:19
Бөлісіңіз:
Қызылордада такси жүргізушілерін тақырға отырғызған алаяқ сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада такси қызметімен айналысқан азаматтарға алаяқтық жасаған 44 жастағы күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 160-тан астам қой ұрлаған күдікті ұсталды Шымкентте Украинадан келген саяхатшыға шабуылдаған күдіктілер ұсталды Қызылордада перзентханада күзетшіге қол көтерген 2 жігіт ұсталды

Ол өзінің арам ойын биылғы мамыр-маусым айларында жүзеге асырған. Алдау жолымен жеңіл ақша табуды көздеген ол такси қызметімен айналысатын жергілікті тұрғындардан қомақты қаржы жымқырып кеткен. Қызылорда қаласында орналасқан ауруханалар мен емханалар алдында көлігімен тұрған азаматтардың сеніміне кірген.

«Ол емдеу орындарындағы өзінің жақын туыстарының мәйітін қашық орналасқан елді мекендерге алып баруға алдымен өтініш айтады. Одан соң кейін қайтаратынын айтып, олардан ақша алдап алады. Алаяқ мұндай әрекетін бірнеше мәрте қайталаған. Сот тергеуі нәтижесінде сотталушы өз кінәсін толық мойындады», - деді Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз хатшысы Таңшолпан Алтынбаева.

Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұған дейін Аралда көксерке балығын заңсыз аулағандардың сотталғандығын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT