Қызылордада «Тағзым алаңы» қайта жаңғыртылады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Тағзым алаңы» аумағында қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жұмыстармен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығын аралау барысында жан-жақты танысты.

Бұл жұмысқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Қазір онда екінші дүниежүзілік соғыста ерен ерлік көрсеткен қызылордалық батырларды еске алуға арналған ескерткіш тақталар жаңартылды. Майдангерлер есімі «архитас брендінің» тақтайшаларына жазылады. Тақтайшаларды бекіту үшін стеклокомпозит материалынан 16 тұғыр салынған. Заманауи материалдың суға, күнге төзіміділігі жоғары.

Қазіргі уақытта жоспарға сай алаңның 5780 шаршы метр аумағына түрлі-түсті, 530 шаршы метр жеріне сұр тас төсеуіштері төселіп, бордюрлар қойылған. Демалушылар үшін 30 дана орындық орнатылып, нысан 300 метр темір қоршаумен қоршалады.

Жаңғырту жұмыстарына жауапты «Асанас-Дар» ЖШС түнгі жарықтандыру шамдарын жаңалап, 10 450 шаршы метр көгалдандыру жұмыстарын өз қаржысы есебінен жүргізіп, демеушілік жасады. Алаңды қайта жаңғырту қыркүйек айының ортысында толығымен аяқталады.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында биыл 1244 кәсіпкерлік нысаны ашылды.



Соңғы жаңалықтар