Қызылордада табиғат қорғау инспекторларына оқ жаудырған екі адам ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында браконьерлік айналысқан. Оларды ұстау кезінде екі адам табиғат қорғау инспекторларына оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желі беттерінде бұған байланысты бейнежазбалар жарияланған. Олардың бірінде сол аумақта мал бағатынын айтқан азамат бар кінәні өзінің мойнына алатынын айтса, екіншісінде табиғат қорғау инпекторларына оқ атқан екі адам жайында айтылады.

«Аталған оқиғаға байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегіше мәліметтерді айтып берді.

Оқиғаға кінәлі екі азамат анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Олардың іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Атап айтқанда, кінәлі екі азамат алдымен 337-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен, 380-2 бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапқа тартылады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінще, қылмыстық іс бойынша қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеті жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді.

Соңғы жаңалықтар