Қызылордада Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндерде өңірде коронавирус инфекциясына шалдыққан тұрғындар саны артты. Бүгін облыста 32 адам қатерлі індет құрығына ілікті. Қазірге дейін коронавируске шалдыққан адамдар саны 4490 адамға жетті.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасында облыста Жалағаш, Шиелі, Қармақшы және Арал аудандары «жасыл» аймақта тұр. Ал Жаңақорған, Қазалы аудандары және Қызылорда қаласы «сары» аймақта болса, Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енді.

«Жыл басынан бері Сырдария ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 79 жағдайы тіркелді. Сәуір айының 13 күнінде 43 дерек анықталып отыр. Ауданның қызыл аймаққа енуіне байланысты қазіргі таңда ауданда шектеу шаралары, оның ішінде карантинді күшейту туралы аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада 14 сәуірге дейін 10684 тұрғынға вакцина салынды.



Соңғы жаңалықтар