Қызылордада «Сыр Ана» монументі қайта жаңғыртылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қала күні мерекесі аясында «Сыр Ана» монументіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік бағдарлама аясында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қайта жаңғыртудан өткен «Сыр Ана» монументіне барды.

Аймақ басшысы қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты, қала тұрғындарына арнайы құттықтау сөзін жолдады.

«Биыл Қызылорда қаласының 202 жылдығын атап өтудеміз. Облыс орталығы күннен күнге көркейіп келеді. Демографиялық өсумен қатар қаланың аумағы да кеңейе түсті. Жаңадан шағын аудандар бой көтерді. Сырдария өзенінің сол жағалауы да қарқынды дамып келеді» - деді облыс әкімі.

Монумент аумағы «Жұмыспен қамту жол картасына» сай жаңғыртудан өткен. Мұнда 3 мыңнан аса шаршы метр жер көгалдандырылған. Ағаш көшеттері егіліп, көгал төселді. Монумент маңындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып, 2 спорттық ойын алаңы салынған. Заманауи үлгідегі 2 субұрқақ ел игілігіне берілді. 2012 жылы бой көтерген әсем ғимарат ажары осылайша айшықтала түсті. Кешен қала тұрғындары мен қонақтарының жиі баратын демалыс орнына айналды.

Қала күнінде балалар ойын алаңы да пайдалануға берілді. Бұл орын Панфилов көшесі бойында орналасқан. Мұнда спорттық жаттығуға арналған құрал-жабдықтар мен футбол алаңы салынған. Өз кезегінде көпбалалы ана Тамаша Әбілқасымова тұрғындар атынан алғыс айтты. Осылайша балалардың уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуге мүмкіндік жасалды.

Айта кетейік, биыл қалада 3 орынға стритбол, спорттық жаттығу алаңы мен көппәтерлі үйлердің ауласына 30 ойын алаңын салу жоспарланған. Қазір олардың құрылысы толығымен аяқталды. пайдалануға берілді. Сондай-ақ, қала бойынша 60-тан аса ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласына қарасты ауылдарда бірқатар әлеуметтік мәселелер шешілді.


Соңғы жаңалықтар