Қызылордада сұранысқа ие жас мамандардың базасы дайындалады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы, техникалық сала мамандарының кадрлық базасы дайындалатын болады, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Яғни, 30 жасқа толмаған, жоғары білімі бар жастар «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысып, іріктеуден өткендер түрлі органдарға тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Бұдан кейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті оларды жұмысқа орналастыруға ықпал жасайды. Бұл туралы Департамент басшысы Абзал Мұхимовтың және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының басшысы Құттықожа Ибадуллаевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

null 

Айта кетейік, аталған жоба 1 наурызда басталды.

Соңғы жаңалықтар