Қызылордада суға кеткен 11 жастағы ұл баланың денесі табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Сырдарияға суға батып кеткен 11 жастағы ұл баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 5 тамызда жергілікті уақытпен кешкі сағат 17.00 шамасында тіркелді. Облыс орталығы аумағынан өтетін дарияның сол жағалауына шомылған 2009 жылғы ұл бала суға кеткен.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде баланың денесі жағаға шығарылды. Оған департаменттің 7 қызметкері мен 3 техника қатысты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.


Соңғы жаңалықтар