Қызылордада судағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында тұрғындардың суға кету жағдайының алдын алу мақсатында тиісті іс-шаралар атқарылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл облыс орталығында су айдындарында, Сырдария өзенінің бойында азаматтардың түрлі себептермен суға кетуі дерегі көбейген. Жыл басынан бері қала аумағындағы су айдындарында 6 адам қаза болды. Оның ішінде 2-і бала. Оқыс оқиғалардың барлығы суға түсуге рұқсат етілмеген аумақтарда тіркелген.

«Қазір Сырдария өзенінің қауіпті саналатын аймақтары мен басқа да су айдындарында суға шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейд жұмыстары жүргізілуде. Оған қала әкімдігі, төтенше жағдайлар және полиция басқармалары қызметкерлері,еріктілер, қоғамдық және басқа да ұйымдар мүшелері тартылған. Рейд жұмыстары барысында азаматтарға 500-ден астам үнпарақ таратылды. Адамдар көп шоғырланатын орындарда арнайы жабдықталған УАЗ автокөлігінің дауыс күшейткіш құрылғысы арқылы 74 хабарландыру жұмыстары жүргізілді», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімдігі.

Құзырлы сала мамандары оқыс оқиғаларды болдырмау және алдын алу мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шаралары мен ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді бақылаусыз қалдырмауды естеріңізге салады.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды.
Соңғы жаңалықтар