Қызылордада стационарлық полиция бекеті өрттенді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында көп қабатты тұрғын үйдің жанында тұрған стационарлық полиция бекетінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 13.41-де облыс орталығындағы Жаппасбай батыр көшесіндегі 7-үйдің жанында орналасқан стационарлық полиция бекетінен шыққан.

«Өрттен полиция бекетінің ішкі қаптамасы, компьютер, кондиционер, орындықтар, үстел және өзге де құрал-жабдықтар бүлінді. Өрт сағат 14.05-те өрт сөндіру және авариялық құтқару жөніндегі қызметінің 9 қызметкері және 2 техникасының күшімен сөндірілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады. олар стационарлық полиция пунктiндегі өрт электр жүйесі ақауы салдарынан шыққанын жеткізді.



Соңғы жаңалықтар