Қызылордада сотты болған азаматтарға екі жүздей бос жұмыс орны ұсынылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада сотты болған азаматтарға екі жүздей бос жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі «Бақытты отбасы» орталығында өтті. Жәрмеңкеге Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 35 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты.

Жәрмеңкеге 30–дан астам жұмыс беруші мекемелерден 176 бос жұмыс орны ұсынылды. Әсіресе жүргізуші, сантехник, тәрбиеші, электрик, есепші, аспаз мамандықтарына сұраныстар болды.

Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 8 азамат «Сибу- Қызылорда» ЖШС, «Қызылорда су жүйесі» МКМ, «УАД» ЖШС, ЖК «Сералиев» мекемелеріне бос жұмыс орнына жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар