Қызылордада соңғы жылдарда мұнай өндіру төмендеген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда облысында мұнай 1 млн тоннаға кем өндіріледі деп болжанып отыр. Соңғы бес жылда Сыр өңірінде мұнай өндіру жылдан-жылға төмендеп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бүгінгі халық алдындағы есепті кездесуінде осы жөнінде айтып берді. 2013 жылдан бастап индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыру мәселесіне назар аударылып отыр.

«Соңғы 6 жылда аймақта мұнай өндіру 10,7 млн тоннадан 6,4 млн тоннаға дейін азайды. Тек 2018 жылдың өзінде мұнайдың 420 мың тоннасын жоғалттық. Биыл болжам бойынша мұнай тағы 1 млн тонна кем өндірілмек. Барлық өнеркәсіп экономиканың барлық саласына тікелей немесе жанама әсер ететіні белгілі. Сондықтан Мемлекет басшысы нақтылағандай, біз 2013 жылдан бастап индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыруды алдымызға басты міндет етіп қойдық», - деді Қырымбек Көшербаев.

Дегенмен соған қарамастан соңғы 4 жылда алғаш рет 2017 жылы Қызылорда облысы жалпы өңірлік өнімнің көрсеткіші бойынша 2016 жылғы деңгейден 100,8 пайызға көтерілді.

Еске сала кетсек, Қызылордада заманауи ет комбинаты салынатын болды.

Соңғы жаңалықтар