Қызылордада смарт-сити жобасы жүзеге асырылады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының тұрғындары болашақта коммуналдық шығындарға қазіргіден 36 пайыз аз төлеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласында «Ақылды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» жобасы жүзеге асырылады. Жоба бойынша пәтерлерде күн сайын тұтынатын судың, газдың, электр мен жылудың көлемі туралы ресурстық орталыққа мәлімет жіберіп отыратын құралдар орнатылады.

Аталмыш технология нәтижесінде коммуналдық ресурстардың нақты қанша пайдаланылғаны, түрлі апаттық жағдайларда және тұрғындар заңсыз қолданған жағдайда компанияға келген шығын нақты анықталады. Ол сала қызметінің жүйелі жұмыс жасауына барынша оң әсерін тигізеді.

«Смарт-сити» жобасымен облыс орталығындағы Есімхан көшесі бойындағы 6 тұрғын үйдің жертөлесінде «LoRaWAN» технологиясының базалық стансасы мен модемі су, жылу және жарық қондырғыларына орнатылды. Жалпыүйлік есептегіш орнатылған жағдайда тұрғындар коммунальдық төлемді 36 пайыз аз төлейді. Сондықтан коммуналдық шығындарды жоғары деңгейдегі «ақылды құралдармен» төлеген тиімді болады», - деді «Қызылордатранстелеком» АҚ филиалының менеджері Алмасбек Арманов.

Соңғы жаңалықтар