Қызылордада синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаған алматылық бойжеткен қолға түсті
2022 жылғы 7 шілде 15:30

Қызылордада синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаған алматылық бойжеткен қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаған алматылық бойжеткен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласында есірткі тасымалдаған алматылық 20 жастағы бойжеткен қолға түсті. Ол Қызылорда облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде ұсталды. Одан заттай дәлелдеме ретінде мефедрон препараты тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Онда аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, азаматша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ірі көлемдегі есірткі алқабы анықталды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT