Қызылордада ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды айқындайтын комиссия құрылды
2022 жылғы 27 қаңтар 14:17

Қызылордада ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды айқындайтын комиссия құрылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды айқындау жөніндегі өңірлік комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің қаулысымен Қызылордада жаппай тәртіпсіздік салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды айқындау жөніндегі Өңірлік комиссия құрылды.

Комиссия төрағасы болып облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешев бекітілді. Өңірлік комиссияның жұмысын облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы үйлестіреді.

Комиссия мүшелігінде мүдделі мемлекеттік орган өкілдерінен өзге Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов, Өңірлік кеңес төрайымы Гүлзағира Әбдірайымова, Өңірлік кеңес мүшесі Наталья Мишукова, облыстық мәслихат депутаттары Қайрат Боранбаев, Нұрболат Ибраев, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері Анар Ізден, Жандос Тұсмағамбетов бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі жасалып жатқанын хабарлаған едік.


Jańalyqtar

MURAǴAT