Қызылордада Шахмардан Есенов, Қалтай Мұхамеджанов оқыған мектепке бір ғасыр толды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 орта мектеп-гимназиясына бір ғасыр толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім ордасы 1918 жылы мұсылман мектебі ретінде ашылған. Содан бері қаншама шәкірт түлеп ұшты. Олардың қатарында есімі елге белгілі тұғырлы тұлғалар бар.  Атап айтқанда, олардың қатарында еліміздегі білім мен ғылым, өнер мен мәдениет, қоғамдық-саяси өмірінің дамуына елеулі еңбек сіңірген мемлекет қайраткері, белгілі академик Шахмардан Есенов, сөз зергері, жазушы-драматург Қалтай Мұхамеджанов, ұлағатты ұстаз Сейітқасым Жүнісов, медицина саласының майталманы Тұрғанбай Маханов, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір бар.

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №497 қаулысына сәйкес білім ордасына белгілі қаламгер, осы мектептің түлегі Қалтай Мұхамеджановтың аты берілді және гимназия дәрежесіне ие болған.

nullnullnull

Авторы: Әділжан Үмбет

Соңғы жаңалықтар