Қызылордада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған митинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев миллиондаған жазықсыз жанның өмірін қиған зұлмат жылдарды еске алды. Олардың бірі - 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық.
null 

«Бір ғана Қызылорда облысында барлығы 81 бай, 10 920 ірі қара, 47 299 ұсақ мал тәркіленіпті. Мұрағат қорындағы облыстық прокуратураның 1937-1938 жылдардағы құпиясыздандырылған құжаттардағы деректері бойынша НКВД үштік сотымен 1937-1938 жылдары халық жауы деген жаламен 314 адамды, оның 110-ы партия қатарынан сотталып жазаланған екен. Тарихшылардың бағалауынша, одақ бойынша 1927-1953 жылдары 60 миллион адам, оның ішінде Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды», - деді аймақ басшысы.

Митингіде құрбандарды еске алу мақсатымен бір минуттық үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Сондай-ақ, кешке Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклінің қойылымы өтеді. Спектакль «Темір наркомның» өмірі, қазақ халқының ағарту ісіне бағытталған еңбегі туралы баяндайды.
null null

null  

Әділжан Үмбет 

Соңғы жаңалықтар