Қызылордада салынған қорғаныс бөгеті су басу қаупін сейілтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы сол жағалауын бекіту жобасы аясында соңғы екі жылда салынған 10 шақырым қорғаныс бөгеті биыл су басу қаупін сейілтуге оң септігін тигізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - көптен бері шешімін күтіп жүрген мәселе еді. Жылма-жыл Қызылорда қаласының жағалауын тасқын сулардан сақтауға назар аударылып келеді. Соңғы екі жылда Үкімет есебінен Қызылорда қаласының шегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту жобасына 2,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Алғашқы кезекте 10 шақырым қорғаныс бөгеті салынды. Айта кетерлігі, қорғаныс бөгеті бұған дейін салынған оң жағалаудағы деңгейінде сақталған. Бөгеттің ені 6 метр болса, жоғары беткейі 1 метр қалдыңдықта таспен қапталды. Тастың астына геотекстиль материалы салынды», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.

Осындай шаралардың нәтижесінде дария арқылы облыс аумағына судың мол келу кезеңінде де қорғаныс бөгеттері тасқынға тосқауыл болып отыр. Қорғаныс бөгеттері бұдан бұрын облыс орталығын су басу қаупінен сақтап қалды.

Қызылорда облысында Сырдария өзенінде су деңгейі біршама көтерілген болатын.

Соңғы жаңалықтар