+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Қызылордада салық төлеуден қасақана жалтару дерегі азаймай отыр

2019 жылғы 23 қазан 11:16
Бөлісіңіз:
Қызылордада салық төлеуден қасақана жалтару дерегі азаймай отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада мемлекеттік сатып алу аясында мемлекет қаржысын игеріп, салық төлеуден қасақана жалтару дерегі азаймай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы тұрғынының салыққа қарызы 1,8 млн теңгеге жеткен Қазақстандықтар 8 млрд теңге көлеміндегі салық берешегін өтеді Шымкент тұрғынының салыққа қарызы 7,5 млн теңгеге жеткен

Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу шеңберінде 13,8 млрд теңге қаржы игерген 18 кәсіпорынның салықтан жалтарғаны анықталды. Ол салықтық камералдық бақылау арқылы белгілі болды.

«Нәтижесінде 14 салық төлеуші 159,8 млн теңгеге қосымша салық есебін тапсырып, ол бюджетке өндірілді. Сондай-ақ, күмәнді, жалған кәсіпкерлік белгісі бар фирмалармен өзара есеп айырысқан 4 кәсіпорынға салықтық тексеру жүргізілді. Сол арқылы 88,1 млн теңге қосымша есептелді және мемлекет қоржынына өндірілді. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады және мемлекеттің қаржысы қатаң бақылауда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінен.

Мемлекеттік кіріс органдары құқық бұзушылықтың деңгейі жоғары аймақтарға назар салып келеді. Нәтижесінде салықты ерікті түрде төлеуге қол жеткізуді көздеп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT