Қызылордада «Robofest» атты роботтехника фестивалі өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада «Robofest» атты роботтехника фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған  6-17 жас аралығында  100-ге жуық үміткер қатысты. Іс-шараны облыстық білім басқармасы «ҚазРоботикс» федерациясының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Жас техниктер: сызық бойымен  жарыс, кегельринг-квадро, робосумо және робофутбол секілді 4 категория бойынша сайысқа түсті. Робосумо категориясынан бірінші орынды қазалылық оқушы Серік Кемал  иеленді. Кегельринг-квадро жарысынан қызылордалық Жандәулет Бақытбек пен Асылхан Сайлыбаев  жеңіс төрінен көрінсе, сызық бойымен жарыстан Мағжан Іскендір мен Оралбек Абдуллаев жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен (сандық құралдар мен оргтехникамен) марапатталды. Сондай-ақ, фестиваль аясында қатысушы мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптар өткізіледі.

null
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов фестивальге қатысушыларды марапаттап, аймақта IТ-саласы мен цифрландыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Саланың маңыздылығын ескере отырып, біз 2017 жылдан бастап облыстағы 9 оқушылар үйінде роботтехника үйірмелерін ашып, «3D зертханаларымен» жабдықтауды қолға алдық. Сондай-ақ, 25 инновациялық мектепте роботтехника элективті курс ретінде еңгізілді. Елбасының биылғы халыққа Жолдауында қоғамның барлық салаларын цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу жайында кеңінен айтылғаны белгілі. Біз жаңа ХХІ ғасырдың мұнайы - білім, ақпарат, санды технологиялар екенін жақсы түсінуге міндеттіміз», - деді Р.Рүстемов.

null
Айта кетейік, қазіргі таңда облыстағы 9 қосымша білім беру ұйымдарында 316 жас өрен роботтехника үйірмесіне қатысып, тәлім алуда. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы желтоқсан айында HackDay 2017 алғашқы аймақтық фестивалі ұйымдастырылды, оған 137 команда қатысты. Қатысушылардың иедялары, тіпті, Алматыдан, Астанадан келген инвесторлар қызығушылық танытуда.

null
Сырдарияның сол жағалауында заманауи жастар ресурстық орталығы мен ІТ-парк салынуда. Онда жас программистерге 20 жұмыс орны ашылады.

null 

Әділжан Үмбет 

Соңғы жаңалықтар