USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қызылордада ревакцинациядан 192 адам өтті

2021 жылғы 30 қараша 04:32
Бөлісіңіз:
Қызылордада ревакцинациядан 192 адам өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялаудан облыс бойынша 192 адам өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында қанша адам ревакцинациядан өтеді Алматыда 112 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті Елордаға ревакцинациядан өтетіндер үшін «Спутник Лайт» препараты жеткізілді

Айта кетейік, өңірде өткен аптада ревакциналау жұмыстары өткен аптада басталды.

Қазіргі кезде коронавирусқа қарсы қайта вакцинациядан облыс бойынша 192 адам өтті.

«Қазірге дейін облыста вакцинаның бірінші компонентімен егілгендер саны - 403 511 адам. Ол екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 89,2 пайызын құрайды. Екінші компонентпен – 344 815 (76,2 пайыз) адам егілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Өңірде індет басталғалы бері коронавирус инфекциясымен 19294 науқас тіркелді.

Өткен тәулікте 5 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны 97 пайызды құрайды.

Облыс бойынша инфекциялық стационарда 117 науқас, реанимациялық төсек-орында 14 науқас ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 2 016 тұрғын Pfizer вакцинасын салдырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT