Қызылордада Ресейге бет алған жүк көлігі өртеніп кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылының тұсында Өзбекстаннан Ресейге бет алған жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға «Самара-Шымкент» тас жолының 1731 шақырымында тіркелді. Өзбекстаннан Ресейге бет алған «Mercedes-Benz Actros» маркалы жүк автокөлігі тіркемесімен өртенді.

«Жүк көлігінде сыпырғы тиелген. Ол толығымен жанды. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті №11 өрт сөндіру бөлімінің 5 маманы мен 1 техникасы қатыстырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бұдан бұрын Қызылордада көпқабатты үйден өрт шығып, 6 адам ауруханаға жеткізілген болатын.


Соңғы жаңалықтар