Қызылордада Qnet қаржы пирамидасын құрып, 46 млн теңгені жымқырған күдікті қамалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Qnet» қаржы пирамидасын Қызылорда облысы аумағында құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, ол 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оған 38 адамды тартқан, келген залал көлемі - 46 млн теңге.

Соттың санкциясына сәйкес ол 2 ай мерзімге қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторында отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.


Соңғы жаңалықтар